Жаңалықтар
Оқушылар қайтадан онлайнға көшуі мүмкін
ЖРВИ мен тұмаудың кең таралуына байланысты қазақстандық оқушылар қайтадан қашықтан оқу жүйесіне ауысуы мүмкін.
Еліміздің барлық аймағында тұмаумен ауыратындардың саны күрт өсуде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, көптеген адамдарда вирустық инфекция асқынған.
Қазан айынан бастап Солтүстік Қазақстан аблысында күн сайын вирустық инфекция анықталуда. Бүгінгі таңда бес мыңға жуық науқас келген.
Сонымен қатар, көпшілігінде "В" типті вирус табылған. Санитарлық дәрігерлер ондай кезде науқастың дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелетінін айтады. Науқастан мұндай белгілер байқалса, инфекциялық ауруханаларға жіберіледі. Бұл вирус елорда тұрғындарынан да жиі анықталуда.
"Ауруханаға жатқызылып, стационарлық емдеуді қажет ететін пациенттер өсуде. Бір ай бойы стационар қоры 100%-ға толтырылды. Бүгінгі таңда 159 пациент ем алуда. Олардың 60%-дан астамы тұмаумен ауырады, көпшілігі жүкті әйелдер", – деді Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Атығаева.
Қазақстан бойынша ЖРВИ-ның 800 мыңға жуық жағдайы анықталды. Науқастардың жартысынан көбі – балалар. Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қашықтықтан оқытуыға ауыстыру мүмкіндігін қарастыруда.
"Сырқаттардың саны өскен жағдайда, егер сыныпта бір инкубациялық кезеңде 30% немесе одан да көп бала ауырса, мұндай жағдайда сабақ онлайн-форматқа ауыстырылады. Эпидемиологтар вирустық аурудардан сақтану үшін вакцина алу керек дейді. Қазір емханаларда балалар мен 65 жастан асқан қарттар, созылмалы ауруы бар науқастар және медицина қызметкерлеріне тегін екпе салынады. Қазіргі уақытта вакцинаны ел тұрғындарының шамамен 10%-ы алды", – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы Роза Қожапова.
Дәрігерлер өзін-өзі емдау шараларын жасамауға кеңес береді. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерге көп бара бермей, медициналық маскалар кию ұсынылады. Мұрынға арналған спрейлер мен антисептик қолдану қажет.
Ақпарат көзі: Stan.kz







