Жаңалықтар
81
Азия чемпионаты: Қамшыбек жартылай финалға шықты
Иорданияның астанасы Амманда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды.
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін финалисі Қамшыбек аса ауыр салмақта оңтүстіккореялық До Хьен Киммен күш сынасып, ойсырата жеңіске жетті.
Осылайша ол жартылай финалға шыққан қазақстандықтардың санын 21-ге жеткізді.






