Жаңалықтар
260
Қызылордада 20-маршрут іске қосылды
Қызылордада қалааралық автобус қатынасы бір бағытқа көбейді. 13 жылдан кейін қайта іске қосылған 20-маршрут Арай 3 мөлтек ауданы мен Қызылжарма ауылы аралығында қатынайды. Қос мекен тұрғындары бұл жаңалыққа дән риза.
Автобустың жүру интервалы 10-15 минут аралығын құрайды.






