Жаңалықтар
80

Тәліптер әйелдерге саябақ пен моншаға баруға тыйым салды

 Ауғанстандағы билікті өз қолдарына алған тәліптер әйелдерге қатысты таңы бір заң енгізді. Жаңа ережеге сәйкес әйелдер ойын-сауық саябақтарына және қоғамдық моншаларға бара алмайды.


 Deutsche Welle басылымының жазуынша, полицейлерге елдегі барлық ойын-сауық алаңдарына енді әйелдерді кіргізбеуге бұйрық берілген. Бұл шектеулердің ішінде қоғамдық моншалар да кіреді.

 Жаңа заңның күшіне енгенін саябақ операторлары да растап отыр. Қазір саябақтарға тек әйелдер кіретін күндер ережесі жасалып жатыр.


Ақпарат көзі: Экспресс К