Жаңалықтар
142

Еліміздің ЖОО өзбек тілі оқытыла бастайды

 Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында өзбек тілі мен әдебиеті оқытыла бастайды.

 Бұл Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес жүзеге асырылады.

 Осыған сәйкес, Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті, мәдениеті оқытылады. Бірақ өзбек тілі мен әдебиеті барлық жоғарғы оқу орындарында оқытыла ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің өкілдері құжаттың әзірге қоғам талқылауына шығарылғанын айтады. Сондай-ақ, министрлік мамандары бұл бастама қолдау тапса, Өзбекстан университеттерінде де қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениеті оқытылады дейді.