Жаңалықтар
Зеленский Ресейге тұтқындарды айырбастауды ұсынды
Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі "үлкен жиырмалыққа" (G20) қатысушыларға бейнебаянында жойқын соғысты тоқтататын уақыт келді деп мәлімдеді, деп хабарлайды “Украинская правда” сайты.![]()
Зеленский соғысты тоқтатудың маңыздылығын атады.
"Ресейдің жойқын соғысын тоқтату керек және оны тоқтататын уақыт туғанына сенімдімін", – деді Зеленский.
Сондай-ақ, Зеленский өз үндеуінде Ресеймен тұтқындарды толық айырбастауды ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, Индонезияның Бали аралында жыл сайынғы "Үлкен жиырмалық" елдер көшбасшыларының саммиті өтуде. Саммитте әлемдік көшбасшылар COVID-19 пандемиясынан туындаған жағдайлар мен өзекті жаһандық мәселелерді, сондай-ақ, жаһандық тұрақты және инклюзивті өсу үшін экономикадағы күш-жігерді талқылауға ниетті.
Ақпарат көзі: Stan.kz.







