Жаңалықтар
639

Елімізде киім бағасы 15%-ға қымбаттаған

 Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бір жылда киім 14,6% қымбаттаған.

 Киім бағасы айтарлықтай шарықтаған өңір – Астана. Бір жылда бағалар бірден 25%-ға көтерілген. Келесі орында Қызылорда облысы – 19,8% және Ақмола облысында баға 19% қымбаттаған.

 Бір жылда баға өсімі – ерлер киіміне 14% қымбаттаса, әйелдер киіміне 14,1% және балалар киіміне 17,2% қосылған.

 Биыл елімізде киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 12,7% артық. Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізге жалпы құны 888,9 млн АҚШ доллары болатын 71 мың тонна трикотаж және тоқыма киім импортталған.

 Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл былтырғымен салыстырғанда 2,9%-ға аз. Импорт бойынша жетекші ел – Өзбекстан болды: 10,2 мың тоннаны құрады.

 ТМД-дан басқа елдерден Қазақстанға 54,1 мың тонна киім импортталды. Былтырғымен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізуші елдер Қытай мен Түркия екені анықталған.


Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан