Жаңалықтар
Қарағанды облысында жүк вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысы Қарабас учаскесінде жүк вагоны рельстен шығып кетті.
"2022 жылдың 17 қарашасында Қарағанды облысының Қарағанды – Сұрыптау – Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас - ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға 06 сағат 15 минутта орын алған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ",- делінген ҚТЖ хабарламасында.
Бұл учаскеде жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Алдын ала болжам бойынша, рельстен шығу жеке меншікке тиесілі вагондардың дұрыс жұмыс істемеуінен болған.
ҚТЖ-да болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.






