Жаңалықтар
Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады
Бүгінде облыста «Мектепке жол» республикалық акциясы жүргізілуде. Бұл акция 30 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Жалпы өңірде осал топқа жататын 31 мыңнан астам бала болса, оның 13 мыңнан астамы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан.
«Акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» тақырыбымен өткізіледі. Қазіргі таңда қайырымдылық акциясын өткізудің өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған сәйкес міндетті оқу қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімі жинақталуда. Ал мектеп формасына келетін болсақ, ата-аналар мен заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және өз ұсыныстарын енгізе алады. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім мектеп жанындағы қамқоршылық кеңеспен келісу арқылы мекеме басшысымен бекітіледі. Егер арнайы форма жасақталмаған жағдайда оны сатып алу міндеттелмейді», – деді Бағдат Қамбозұлы.






