Жаңалықтар
Министрлер қанша жалақы алады?
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлер алатын ең жоғары және ең төмен жалақы көлемін атады, деп хабарлайды Informburo.kz сайты.
Оның сөзінше, министрлік басшыларының жалаұы көлемі қанша жыл еңбек еткені мен біліктілігіне байланысты.
"Ең төменгі жалақы – 500-600 мың теңге, ал ең жоғарысы – 1,5 - 1,7 миллион теңге деп ойлаймын", – дейді министр.
Журналистер премьер-министр Әлихан Смайыловтың да қанша жалақы алатынын сұрады.
"Мен сіз қанша алып жүрсіз деп сұрамаймын ғой. Егер Әлихан Асханұлы рұқсат берсе, оның жалақысы қанша екенін жария етемін. Дәл қазір айта алмаймын. Мен өз еңбекақымның мөлшерін, министрлердің ең жоғары және ең төмен жалақысын да айттым", – деді Ерұлан Жамаубаев.






