Жаңалықтар
Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
"Сізді Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі", – делінген құттықтауда.
Назарбаев Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғысы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін жеткізді.
Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауының алдын ала үш exit poll деректері жарияланды. Ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың 80%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.






