Жаңалықтар
Қызылордалық студенттер күріштің қалдығынан қағаз жасап шығарды
Мұндай тәжірибе елімізде бұған дейін болмаған. Студенттер күріштің сабағы мен қауызынан қағаз жасауды игеру үшін 5-6 жыл уақыт жұмсапты, деп хабарлайды Экспресс К.
Қызылорда облысында жылына шамамен 500 мың тонна күріш өсіріледі. Шаруалар мұның тек дақылын пайдаланып, оның сабағын өртеп жібереді. Ал бұл қоршаған ортаға қаншалықты зиян екені белгілі.
Енді Қорқыт ата атындағы университеттің шәкірттері күріш қалдығын пайдаға асырудың тиімді тәсілін ойлап тапты. Студенттер Сыр маржанының сабағы мен қалдығынан қағаз шығарып жатыр.
– дейді студент Мағжан Биқожаев.
Жобаға оқу орнының профессоры Нұрбол Аппазов жетекшілік етеді. Оның айтуынша, бұған дейін күріштің қалдығынан қағаз жасау тәжірибесі елімізде болмаған. Қазір қалдықтардан жасалған қағаз тек түйіршік күйінде тұр. Оны дайын өнімге айналдыру – зауыттардың жұмысы. Тіпті бұған отандық кейбір зауыттар әлден қызығушылық білдіріп жатыр дейді профессор.
Алматыда қағаз шығаратын зауыт бар. Солар бізден үлгілерін алып кетті. Одан бөлек шетелдік мамандар да қызығып отыр. Бұдан біз кеңсе қағаздарын да, қатты қағаздарды да жасай аламыз. Сапасы өте жоғары болады,
– дейді профессор Нұрбол Аппазов.
Сонымен қатар, университеттің жас ғалымдары күріштің сабағы мен қауызынан биотыңайтқыштар да шығарып жатыр.








