Жаңалықтар
213

"Сүйікті қалам – Қызылорда": Америкалық қыз ислам дінін қабылдап, қазақ тілін үйренді

 Аталантада тұратын Кэролин есімді қыз гиперполиглот – ол әлемнің 27 тілін біледі. Алайда, қазақ тілін үйрене бастағанда оның дүниетанымы мүлде өзгеріп кеткен.


 Дәлірек айтсақ, 16 жастағы бойжеткен әуелі әлеуметтік желідегі атын өзгерткен. Ол өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстыратын болған. Қазақ тілімен қатар ол испан, неміс, жапон, вьетнам тілдерін қатты жақсы көреді екен.

Америкалықпын, бірақ, Қазақстанды қатты жақсы көремін. Ең сүйікті қалам – Қызылорда. Қазақ тілін онлайн түрде оқып алдым. Қазақстанда көп достарым бар. Қарды, суықты және ислам дінін жақсы көремін,

– дейді Айбала.

 Айбала ислам дінін қабылдап, намаз оқитынын айтқан. Сонымен қатар, ол қазақ мәдениетін зерттеп жүр. Мәселен. Нұрмұхаммед Жақыптың әндерін тыңдайды екен. Сонымен қатар, ол қазақтың қыз алып қашу салтына таңданыс танытқан.

 Жуырда ол Республика күніне орай АҚШ-тағы қазақ диаспорасы ұйымдастырған іс-шараға қатысып, Қазақтың дастарханынан дәм татқан.