Жаңалықтар
144

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

 Байқоңыр қаласының 17 жастағы тұрғыны Абдрахимов Аслан Ақылбекұлы 15 қарашада Қызылорда қаласына кеткен. Бірнеше күннен бері ата-анасына хабарласпаған. Үйіне қайта оралмаған.


 "Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70–1501,75см, орта денелі, шашы қоңыр түсті. Киімдері: қара түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғында қара түсті етік. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жаңдайда 8-(7242)-29-75-20 немесе 8-705-255-81-25 телефон нөміріне қоңырау соғуды сұраймыз", - делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.