Жаңалықтар
171

"Қызылорда - Жезқазған" трассасы қайта жөнделуде

218 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Жезқазған" тасжолында жөндеу жүріп жатыр.

 "Биыл "Қызылорда-Жезқазған" (218 шақырым) автожолын қайта жаңарту жұмысы басталды. Ұлытау облысы аумағындағы учаскелер бойынша мердігер компанияны анықтау үшіне конкурс өтіп жатыр. Сондай-ақ жекелеген учаскелерде жобалыө-сметалыө құжаттарды әзірлеу аяқталуға жақын", – деді ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин ОКҚ-де өткен брифингте.

 Еске сала кетсек, былтыр Мемлекет басшысы "Жезқазған-Қызылорда" автобмобиль жолының құрылысына қатысты тапсырма берген еді.

 "2024 жылы Жезқазған-Қызылорда автомобиль жолының құрылысы аяқталуы тиіс. Бұл Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының сауда-көлік байланысын күшейтуге, сонымен қатар жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді", – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Екібастұзда өткен моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.


Ақпарат көзі: Inform.kz